
Флюорография (лат. fluor — ағыс және грек. grapho — кескінін көрсету, бейнелеу) — фотографиялық пленкаға флюоресценттік (сәулелендіруші) экраннан зерттелетін нысанның рентгендік кескінін алудан тұратын рентгенологиялық зерттеу әдісі.
Басқа рентгендиагностик. әдістермен салыстырғанда Флюрографияның артықшылығы — клиникасы көпке шейін жасырын болған ауруларды жаппай зерттеуге мүмкіндік береді. Флюрографияны көкірек қуысының, сүт бездерінің, сүйек ауруларының диагностикасын қойғанда қолданады.
Флюрографияның 2 түрі: тұрақты және жылжымалы (автобус, вагон) кабинеттер пайдаланылады.
Кейбір жұмыс орнындағы қызметкерлер (мыс., балабақша тәрбиешілері, перзертхана қызметкерлері, балалар тағамын үлестіретіндер, мектеп оқытушылары, т.б.) 6 айда бір рет; ал тағам өнеркәсібінде, қоғамдық тамақтану; сан.-гигиен. (шаштаразда, моншада, т.б.) орындарында, дәріханада, жатақханаларда, кітапханаларда, т.б. жұмыс істейтін адамдар жылына бір рет Флюрографиялық тексерістен өтіп отыруы тиіс.
Байланыстар
Отырар аудандық орталық ауруханасыМекен-жайы:
Email:
Түркістан обл, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы, Жібек жолы №89
Otrar.rp@mail.ru